Жанымның жартысы Меркурий сияқты – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Жанымның жартысы Меркурий сияқты» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

“Меркурий — жаны жақсылыққа жаралғандар жұлдызы” Данте. “Құдiреттi комедия”

1
Табыла кетсін бақытқа тұрақ,
Адамға жалғыз керегі – шырақ.
Жер, мен саған ағып түстім,
Меркурийден, бәлкім, құлап.
Табанымды тілді қияқ,
Тірі жүргенім – мият.
Жалған сөйлей алмаймын
Меркурийдегілерден ұят.
Төбеме жұлдыз ілдім,
Түндігін жырдың түрдім.
О, жақсылық іздеген Данте,
Мен де жақсылық іздеп жүрмін

2
...Даланы кездем.
Ләйлідім.
Ойлап жатыр
жұлдыздар жәйлі кім?
Түсінуге тырыстым.
Кешір бізді
Меркурийден
Жерге қараған
ләйлі мұң.
Тып-тыныш.
Ғарыштан ғажап күй ақты,
Жұлдыздар жымиып тұрып
жылайтын сияқты.
Аспанға қарайлай бердім,
Жанымның жартысы
Меркурий сияқты!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері