Былайғы күннің білмей бағасын –
Мақпал Жұмабай
Бұл бетте «Былайғы күннің білмей бағасын» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Былайғы күннің білмей бағасын,
Кеткен бе жерден мүлдем жарасым?
Жек көремін мен арамдықтарды
Арқалап жүрген адам баласын.
Қатпар да қатпар күнде өксік көп,
Былық-шылықтар жатыр қоқсық боп.
Адамның бәрі — тап-таза емес,
Сондықтан мүмкін жерде достық жоқ!
Жігер мен бақыт — бір дегендігім,
Тiрлiктi тұнған жыр дегендiгiм.
...Сендегі қулық-сұмдықты, өмір,
Жақсы еді білмегендiгiм?!...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі