Бұл бетте «Кіші Алматы – ботана» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кіші Алматы – ботана,
Әз Әлмерек күмбезі тұр жотада.
Ботанаға басу айтып жатқандай
Әлмеректің үш бұлағы. О, тоба!
Кіші Алматы. Бұрқ-сарқ ботана.
Ботанадан ұшқан тамшы босама.
Тереңдік пен тентектіктің бағасын
Үнсіз айтып тұратындай осы ара.
Ботана су бойымдағы алаңды
Сездіргендей алды әбден мазамды.
Алатаудың шырша кірпіктерінен
Сүртіп-сүртіп үлгермедім тозаңды.
Ботана су бойымдағы ашу мен
Бұлқынысты білдіресің тасумен.
Жасымашы, жағаңдағы балдырға
Жас тамшыңды жалықпастан шашуда ем!
Бір жағымда - мөлдір бұлақ тынысы ән,
Бір жағымда – ботана су үні сан.
Ұлы өмірдің екі беті сяқты
Қараймын да екеуімен ұғысам.
Ботана су жағасында ақ тұма,
Бала күнім, балақ түріп шапқыла.
Жаратылыс. Ботана су. Үш бұлақ –
Жарасып тұр жарқабақтың астына!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі