Мен саған асығамын, көктем! –
Мақпал Жұмабай
Бұл бетте «Мен саған асығамын, көктем!» атты Мақпал Жұмабай жазған табиғат туралы өлең берілген.
Әр күнім — бақыт, әр күнім — бақыт,
Тойымдай,
Армандарыма асыққан менің ойымды-ай.
Сен жаққа неге елеңдей бердім, еркелік,
Бір жырым бардай нүктесі қалған қойылмай,
Мен саған асығамын, көктем!
Һолтаңбам қалған қағаздарыма көмілдім,
Мен елес емес, мен елес емес, өмірмін.
Керек еместе кердеңдіктерге толы әлем,
Жауыздықтардан келмеген кезде жеңілгім
Мен саған асығамын, көктем!
...Терезелерде, терезелерде өмір бар.
Періштелерім, алақандарға қоныңдар,
Һұмсағаттардың соңғы сырылы шығар бұл
Сондықтан, адам, сондықтан тату болыңдар.
Мен саған асығамын, көктем!
Бастағы бақтың бағасы қайда деместей...
(Оятқан мені қараторғайлар емес пе, ей?)
Сендегі ырың-жырыңның бәрі, ей, әлем!
Адамға керек еместей.
Мен саған асығамын, көктем!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі