Биылғы көктем – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Биылғы көктем» атты Мақпал Жұмабай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Мен көп күттім
Биылғы келер көктемді.
Бала кездегі арманды алып келер деп.
Күндегі тірлік, әйтпесе
Күлмей қоятын керең деп.
Мен көп күттім
Биылғы келер көктемді.
Көкорайларды сағынып,
Жұбатып жетім бұтақты
Ызғардан қалған қамығып.
Мен көп күттім
Биылғы келер көктемді.
Естиін деп үнін бұлбұлдың,
Жылымық келсе мұзға ұқсас
Ерір деп мұңы жүз жылдың!
Мен көп күттім
Биылғы келер көктемді.
Анамның жетім көңілі желдейтіндей боп,
Бұла таңдары бұлқынып
Енді келмейтіндей боп...
Мен көп күттім
Биылғы келер көктемді.
...Ақыры келді. Күркіреп аспан.
Кемпірқосақ – елес.
Көктем-ай, көктем,
Көңілдің тоңы мызғитын емес.
Неге?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Биылғы көктем өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Биылғы көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Биылғы көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Биылғы көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар