Найзағайдың басып күр-күр демін
Бұл бетте «Найзағайдың басып күр-күр демін» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Найзағайдың басып күр-күр демін,
Құйшы-құйшы менің нөсерлерім!
Сол күні мен жалаңаяқ шылп-шылп
Кешейін бір суын көшелердің...
Жапырақпен жаным егіз Үндемедім.
Бақбақтың да үпілдіріктерін үрлемедім.
Анашым-ей, тауға апаршы мені
Көргім кеп жүр арша бүрлегенін.
Қарлы таудың мұңдарындай сол бір,
Қабағымның астында да ой жүр.
Жүрегімнің кірпіктерін сілкіп,
Жіберейін
Сен де сілкін, ей, жыр!
Найзағайдың басып күр-күр демін,
Құйшы-құйшы менің нөсерлерім!
Сол күні мен жалаңаяқ шылп-шылп
Кешейін бір суын көшелердің...
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі