Бір тілім бақыт
Бұл бетте «Бір тілім бақыт» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 17.04.2026
- 0
- 0
- 1085
Жер менен көк. Алыс қандай арасы!
Сол аралық кірпігіме ілінген.
Сырларым да соған ғана сезіліп,
Мұңдарым да соған ғана білінген.
Бітпей қойды көңілімнің алаңы,
Жанарымда – шыр айналған дүние.
Кім қаншалық ғашық болса өмірге,
Төзімге де сол ие!
Жүрегіме қона алмай жүр Жыл құсы,
Ей, жапырақ, айтпай-ақ қой маған дау.
Көктемдерді көктемдерге жалғайтын
Армандауды ұмытпаған адамдар.
Тағы жетті көктеменің күркірі,
Көк ала күн, тіршілікке бер тыным!
Маған,
Саған,
Оларға да
Керегі –
Бақыт қана бір тілім,
Бақыт қана бір тілім.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі