Бұл бетте «Арманым менің шыңдарда» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арманым менің шыңдарда,
Әзірге жүрмін қырларда.
Сол жерде барлық бақытым,
Сол жолда барлық мұңдар да.
Түн кетті. Келді күн аңғал.
Аңқайып қана тұр аңғар.
Мәз-мәйрам тек бір баяғы
Алматыдағы сығандар.
Әлемде әккі мың қайғы
Мың қайғы бар-ау сырнайлы.
Білесіңдер ме, жанардың
жарқылдамауы – шын қайғы.
Шомылғым келді шалғынға,
Қанаттарым-ай, талдың ба?
Қуанып кетем, арайлар,
Өзіңнің ғана алдыңда!
Жүрегімнен сең жырды ырғап,
Ағады мың-мың сырлы ырғақ,
Қонақтап қалды көзіме
Сұлу іңірлер мызғыр шақ.
Кімдерді білдім, кімдерді...
Сүйемін ессіз күндерді.
Мен іздеп келем, жан ана,
Сен айтқан еңлік гүлдерді!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі