Көктеммен келіп көшкін боп –
Мақпал Жұмабай
Бұл бетте «Көктеммен келіп көшкін боп» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көктеммен келіп көшкін боп,
Күл-талқан болған ешкім жоқ.
Тұлпар күндердің тұсауын
Тұрады кейде шешкім кеп.
Ермейді санам үгітке,
Хат жазбай қойдым жігітке.
Тербеттім тұнық жанымды
Үлпілдеп тұрған үмітке.
Сұғанақ жұрттың сөздерін
Елемей жүрер кездемін.
Мен емес, менен өткірлеу
Сірә да, менің көздерім.
Мәймөңке күндер, ез күндер,
Жеңілмейтінімді сездіңдер.
Мен күлім жүрем,
Сен барда,
Сен барда, сұлу мезгілдер!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі