Сәлеметсің бе? – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Сәлеметсің бе?» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бағыну, әлде, керек пе?
Жапырақ жауды биыл да.
Сәлеметсің бе, жүрекке
Жымиып кірген жиырма
Ойландым. Небір ой кештім.
Есейіп қаппын. О, тоба
Көбелек қуып шалдыққан
Балалығым жүр жотада!
Шығарып салу – салтым ед.
Маза жоқ менде кешелі
Сол құстар енді мен жаққа
Қарайламастан кетеді.
Бұл емес мұңның үлкені:
Үміттеріңді жалғаймын,
Сонда да сенің, жылдарым,
Соңыңнан қала алмаймын!
Қайтсең де, өмір, қайсармын,
Батырмын, нағыз батырмын,
Жиырма жыл бойы, себебі,
Сары ала таңды атырдым!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері