Тірлігім – тентек, мен одан бетер ерке
Бұл бетте «Тірлігім – тентек, мен одан бетер ерке» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тірлігім – тентек, мен одан бетер ерке,
Алдауға, өмір, алдауға мені ерте.
Асау күндерім, алдыма келім құла,
Өртесең мені махаббатыңмен өрте!
Сені іздеп жүрмін жаныма тыным бермей,
Сен қайда жүрсің барымды менің сезбей?
Бақыт-ей, Бақыт шанақты шақтарымда
Қалдым ба, әлде, өзім де сені көрмей.
Таңдардан теріп келемін мың-мың жақұт.
Адаспайды түк соқпақтарынан УАҚЫТ.
Өзіңмен әбден бұғынбақ ойнап біттім,
Енді өзің мені тауып ала ғой, БАҚЫТ!
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі