Алматы – Әлия Іңкәрбек

Бұл бетте «Алматы» атты Әлия Іңкәрбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алматы деген — ар ма екен,
Алматы деген қар ма екен?
Жоқ іздеп жүрген рухтардың
Жанының табы бар ма екен?

Тұманы мұңдай арбаған,
Шытырман жолды таңдаған,
Алматы — ақын жүрегі,
Алматы — бәлкім, арман ән?!

Баурына басса тау-ғалам,
Жауардай болып жаумаған,
Секілді жаңбыр Алматы,
Тамшысы жырдан аумаған!

Ішінде сан мың тармақтың,
Ұйқасың болып қалмақпын.
Алматы дедім Аспанды,
Алматым менің, ардақтым…

Маңдайда бағы бар мекен,
Қанша арман сенде қалды екен,
Жастығымбысың, Алматы?
Алматы демек, алда екен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматы өлеңінің авторы кім?

Әлия Іңкәрбек — осы өлеңнің авторы.

Алматы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлия Іңкәрбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері