Соңы – Нарқұлан Райханұлы

Бұл бетте «Соңы» атты Нарқұлан Райханұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Саумалап төгілген тұман
Көңілдің ашама кірін
Ойлары толыған күмән
Тым таныс бұл үн.
Ауадан жеңіл жүрісі оның
Ешкімде сезбейді мұны
Бақытқа балайды сорын
Көк тиын құны...
Тербеліп желменен бірге
Аңызға айналған аты
Көкірек көңілі түрме
Тым өшкін жанардың оты
Енді оны танымас ешкім
Ешкімде ұмытпас оны
Таулардан құлаған көшкін
Осылай өмірдің соңы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері