Жүрек шалқуы – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Жүрек шалқуы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 682
Үкісін дала тағынып,
Қызғалдақ гүлін шашқанда,
Самалын салқын сағынып,
Сәріде кеудемді ашқанда.
Көлдегі көркем аққудай
— Кегінде жүзді алтын ай;
Шын бір ләззат тапқандай,
— Жүректің бүгін шалқуы-ай!
Шалқымай қайтсын далада,
Самалды июнь айының,
Жеткізді терең санаға
Ұлы ҮНІН совет заңының.
Құлағыма шалынды,
Сол үн бұлбұл үніндей;
Түлетті тоты жанымды
Иранбақтың гүліндей.

1936


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері