Бүгін де таң атты – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Бүгін де таң атты» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бүгін де таң атты,
Бүгін де жүрегім соғып тұр.
Күн шығып тіршілік таратты,
Көктем кеп, көгіме қонып тұр.

Бүгін де сағыну,
Хат күтем, жәшікті тексеріп,
Күндерде болса ғой жаңылу,
..бірдеңе дей салшы ескеріп.

Түндегі мұңдарым,
Оянып тіктейді еңсесін,
Сені әлі сүйеді бұл-жаным,
келем деп, сендіріп кеткесін.

Тағы да өзіммін,
Мен сені үндемей сағындым,
Аймалап тұратын көзіңнің,
Дәл мендей, жарқылын таныр кім?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгін де таң атты өлеңінің авторы кім?

Динара Мәлікова — осы өлеңнің авторы.

Бүгін де таң атты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгін де таң атты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Динара Мәлікова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүгін де таң атты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері