Гүлден де нәзік жанымның – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Гүлден де нәзік жанымның» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Гүлден де нәзік жанымның,
Керегін таппай жаңылдым.
От болып жанған өмірдің,
Шоқ болар сәтін сағындым.
Базары басым көңілдің,
Жүзіне қарап жеріндім.
Көппенен бірге күліп ап,
Елеусіз қалып егілдім.
Достың да білмей ниетін,
Сенім бар бірге жүретін.
Құдай-ау, бір жан бар шығар,
Күнәсіз келіп сүйетін!
Сезім жүр мені басқарып,
Ақыл тұр одан жасқанып.
Көзімде уақыт көктейді,
Барады өмір басталып.
Адалмын десем пендемін,
Жаман да емен, сенбегін.
Күрсінгім келген... шүкірмін,
Жалғызбын десем Елдемін.
Тағдырдан нені таба алдым?
Табайын десем таландым.
Еркекпен құны өлшенген,
Әйел боп қана жаралдым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүлден де нәзік жанымның өлеңінің авторы кім?

Динара Мәлікова — осы өлеңнің авторы.

Гүлден де нәзік жанымның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүлден де нәзік жанымның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Динара Мәлікова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүлден де нәзік жанымның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері