Мынау жатқан төмпешік – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Мынау жатқан төмпешік» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мынау жатқан төмпешік...
Өзіңменен жатады екен үндесіп.
Қайтып барам желге беріп жасымды,
Қара жермен тілдесіп.
Мынау тұрған көктасың,
Сағыныштың сары өлеңін сақтасын.
Қара көзге қайғы құйып барамын,
Топырақтан тағыдырыңды тапқасын.
Мынау тұрған мазарың,
Адамдардың арқалайды азабын.
Сен ұйықтаған төмпешіктің жанына,
Гүлмен өлең жазамын.
Мынау тұрған бейнеңді,
Таңмен келіп Күн сәулесі сүйді енді.
Есігімді қағарыңа сенбемін,
Жалғыздығым үйренді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері