...Деміңменен өртедің де бір демде – Динара Мәлікова

Бұл бетте «...Деміңменен өртедің де бір демде» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

...Деміңменен өртедің де бір демде,
Нөсер болып шашылдың.
Бұл жауынның жауратпасын білдім де,
Қауыз болып ашылдым.
Аппақ бұлтты бесік етіп тербеттің,
аспанына асылып...
Шөліркеген шөл далаға мен кеттім,
Құмға ізімді жасырып.
Жалғаса да берер ме еді Жарық күн,
Жасын келіп түспесе,
Жай отына жанып бір сәт жатыппын...
...Дәл осы сәт бітпесе!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері