Сағыныштың болар ма екен өлшемі – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Сағыныштың болар ма екен өлшемі» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сағыныштың болар ма екен өлшемі,
Қайда жүрсің, жүрегімнің бөлшегі?
Көздеріңнен қиялыңды құлатып,
Әкетті ме, жел сені?
Қайда жүрсің, мекенің де беймәлім,
Сүйер болсаң өзің келіп, сүй, жаным.
Тағдырыңды бұйырмаған қайтейін,
Сезіміңді қи, жаным.
Қайда кеттің, сағынышқа айналып,
көрінбей-ақ, жүрмін саған байланып.
Сені аңсаған түндерімді сезбедің,
Жүрсе деп ем ойға алып.
Мен сендегі сабырлықты таныдым,
Тереземе тұрып алды тағы мұң.
Бақыт болып жүр екенсің қай жерде,
Жанардағы Жарығым?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері