Сенімен сөйлесу – азап – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Сенімен сөйлесу – азап» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сенімен сөйлесу – азап,
Тілдеспеу – сағыныш.
Жүрегім – тозақ,
Өмірім – жаңылыс.
Кездесіп – қимадым,
Қоштассам «кел» деме.
Мен жерге симадым,
Сиямын кеудеңе!
Қоңырсың, суықсың,
Мен бармын торыңда.
Ашылмас құлыпсың,
Кілтің бар қолымда!
Періште емессің,
Тазасың пендеден.
Сен маған керексің,
Өмірім - өлмеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері