Қамын ойла халқыңның – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Қамын ойла халқыңның» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5226
Қайратты туған ер болсаң
Қамын ойла халқыңның!
Жетім менен жесірге
Өзі бол жүзі жарқынның.
Сықылында болып бақ
Жаз күнгі қоңыр салқынның.
Туысқанды тонама,
Толуын ойлап алқымның.
Уағданды екі етпе
Әріне қарай әркімнің.
Айтқаның алжас болынса,
Кемиді бәрі нарқыңның.
Шамасынша қайыр қыл
Ат – ауаза, дәрпіңнің.
Көжеңді көптен ірікпесең
Күшейер көркі әлпіңнің.
Бұл сөзім үгіт, өзі емен
Тілі ащы, шалпыңның.
Тұқымымын тұлпардың
Талайын көрген талқыңның.
Жатырмын айтып жақсы үгіт
Тазасындай алтынның.
Өле қойсам, айтыңдар,
Жұрт жиналған жер болса
"Сөзі, - деп, - Түрекең марқұмның!"


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері