Не жетпейді? – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Не жетпейді?» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 760
Не жетпейді?
Неге жаным жүр шөлдеп,
Өкпелеп те, өмір сүрдім бір сен деп.
Мен бақытты бола алмаймын қазы жеп,
Сыртта ашығып, жүрсе біреу бүрсеңдеп...
Адастырды жұлдыз көзді тұнық түн,
Түн кеткен соң, келер тағы, күліп күн.
Таңғы ойлардан, талықсып, сәт көз ілем,
Әуенімен әлдилеген үміттің.
Ғашық болмай, жүрсем, жүрек жалынсыз,
Не жетпейді?
Кімді күтем сабырсыз.
Шыр айналып зырылдайды ұршықтай,
Жер-тірліктің дөңгелегі дамылсыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері