Қоқыс – Qanat Aianuly

Бұл бетте «Қоқыс» атты Qanat Aianuly жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Екі ғашық болған екен бір күні,
Бір-бірімен сөйлесетін күн-түні.
Әдемісің,Кереметсің дегенді
Жігіт қызға айтқан екен түр-түрлі.
Бір кез келіп қызы мәз боп жігітке,
– "Ана болам" деді үлкен үмітпен
Естіп алып жаңа келген хабарды,
Түсіп кетті жас жігіттің қабағы.
-"Қазір келем" деп жігіт қызға тіл қатты,
Кері қарап бір бағытқа жол тартты.
Қыз байғұс қобалжыды деп ойлап
Тезірек кел ,деп артынан қол қақты.
Жеті ай өтті жігіт әлі келмеді
Жас қыз байғұс үмітін әлі үзбеді.
Бүгін келіп қалады ау деп тіпті
Оның сүйген тамақтарын демдепті.
Бір күні қыз келмейтінін түсінді,
Жалған үміт қақ ортадан үзілді.
Қыз қайғырды,ішімдікке салынды,
Өшірем деп қайғы деген жалында.
Бір күні қыз үйде ішіп жатқанда,
Жоламайтын еді енді жат жанға
Аяқ асты толғағы кеп қиналды,
Сол бір сәтте біреуге өмір сыйлады.
Өз баласын қолға алғысы келмеді,
Жас сәбидің болмады оған керегі.
Шырылдап жас нәресте жатыр жылап,
Ананың да көз жасы ақты бұлақ.
Керек қылмай сәбиді қарамады,
Жігіт келсе деп еді бар арманы.
-"Жылама!" деп айғай салды жас ана
Аяулы емес болды сонда қас ана.
Пышақ алып өлтіруге оқталды,
Соңғы сәтте бірақ ана тоқтады.
Ана көріп сол бір мезет баласын,
Сәби шіркін,сезді ме өз анасын.
Қолын созып тұсау қойды жолына
Ала алмады сонда да ана қолына.
Ана сонда тізерлей жерге құлады,
Есіне Аллаһты алып жылады.
-"Не жазып ем,не жазып ем Құдайым
Неге келді,бұл қасірет,бұл уайым.
Кешір мені,кешір мені жаратқан"–
Деп қыз бала өксіп өксіп үн қатқан.
-"Бұл баланы махаббатпен баға алмаспын,
Өмірім бақыт еді ,қайдан ғана жағаласты.
Я Құдайым кешіре көр пендеңді,
Шыдамаспын ,шыдамаспын мен енді"–
Деді дағы алып келді бір сөмке
Баласын салып,кетіп қалды бір жерге.
Өлтіруге оқтала алмай бірақта
Тастап кетті қоқысы көп бір жаққа.
Артына қарай алмай анасы,
"Анашым " дегендей жатты баласы.
Сәби қалып сол бір қоқыс көп жерде,
Анасының суып кетті қарасы.
Ана ойланып,өз ісіне өкінді,
Кері қайтып,баланы алуға бекінді.
Қайтып келсе Бала да жоқ,қоқыс жоқ
Соны көріп,жас қыз қатты өкірді.
Ана – ана бола алмады баласыз,
Жылаудан басқа ,қалды ана шарасыз.
Шарасыз байғұс қандай тірлік қылады?!
Көздерінен қан аққанша жылады.
Өз ісіне қайғылы ана шыдамады,
Тірлігі үшін өзіне қатты бұлданады.
Баласының бар кезін есіне алып,
"Балапаным кешірші" десін налып.
Көздерінен аққан жасы тоқтамай,
Бара жатыр бір соқпаққа түсіп алып.
Анау жерде көпір көзге көрінген,
Барды ана сызат түскен көңілмен.
Сол көпірден астыға секірді де,
Қош айтысты мұңға толы өмірмен.
Осы ма екен бұл өмірдің кемдігі,
Бала да жоқ,Ана да жоқ ендігі.
Жігіт болса не істеп жүр кім білсін,
Оларда оның шаруасы жоқ еді.
Қандай құрсақ көтерді екен ез ұлды,
Ойыншық қып тастап кеткен сезімді,
Осындай бір болып кеткен оқыста,
Тастай салар қос тағдырды қоқысқа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар