Қып-қызыл күннің шұғыласында – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Қып-қызыл күннің шұғыласында» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қып-қызыл күннің шұғыласында,
Сүйетініңді ұғынасың ба?
Тірлігіңді де тұншықтыра алмай,
Пейіліме кеп жылынасың ба?
Тағдырыма кеп тұрақтадың да,
Кінәсіздерді жылатпадың ба?
Арымды алып, аспанға ұштың,
Жердегілерден жырақтадыңда.
Қызғанып қалсам, кінәлай көрме,
Қызғанып алып, жыламай жүр де.
күтейін сені көзіңдей болып,
Сүйейін сосын, ұнамай елге.
Білмедім, күнім, жүрегіңде кім?
Күтіп-ақ өмір сүремін дедім.
Адамнан аяр сырыңмын асқақ,
Алладан сұрар тілегіңдемін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері