Сен де, мен де – Манарбек Қарекенов

Бұл бетте «Сен де, мен де» атты Манарбек Қарекенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сен де, мен де сезім отын сөндірмеуге тырыстық,
Сен жоқ жерде шулы ғалам құлаққа ұрған тыныштық.
Сен қасымда болған кезде шөл де маған гүл бағы,
Сен дегенде у да тәтті, аязды күн тым ыстық.

Сен де, мен де кездескенде қуанамыз жан күліп,
Сен жоқ жерде қуанышқа бөленуге жоқ үміт.
Сен қасымда болған кезде қара түн де ақ айдын,
Сен дегенде өтірік бал, жалған ғұмыр мәңгілік.

Сен де, мен де махабатқа бала кезден құштармыз ,
Сен жоқ жерде суық ғалам, жүрегімде қыстар мұз.
Сен қасымда болған кезде алақанда жарты әлем,
Сен дегенде керек емес басқа жан... Жүрегімде сіз барсыз!

Сен дегенде мұз да жылы, боран, дауыл - самал жел...
Бұл өтініш қызық болар, дегенменен айтайын,
(Мәңгілікке біргеміз деп серт беріп),
Ғұмырың мен тағдырыңды, жүрегіңді маған бер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері