Біздің ауыл – Тұманбай Молдағалиев

Бұл бетте «Біздің ауыл» атты Тұманбай Молдағалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өлеңін жазған: Тұманбай Молдағалиев
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев

Біздің ауыл тап-таза бұлағы да.
Ән салады майысып құрағы да,
Жаз жайлауға барамын демалыста,
Асау тайдың ойнаймын құлағында.

Қайырмасы:

Біздің ауыл алма бақ,
Өрік, жүзім жетеді,
Сағынарым қайтадан,
Алатаудың етегі.

Сол ауылға жазда мен ораламын,
Сағынған соң құшағын жан ананың.
Бұлт ішінде жүрдім мен биік өрлеп,
Жазғы орманын жалықпай араладым.

Қайырмасы:

Біздің ауыл алатау етегінде,
Құс боп ұшып мен оған жетем күнде.
Менің атам жүреді қойын бағып,
Ақ боз аты келеді жетегінде.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері