Торғайым – Сәли Садуақас

Бұл бетте «Торғайым» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Таң бозынан сайрайды,
Тақылдатып таңдайын.
Қапезінде ойнайды,
Менің бұлбұл торғайым.
Су ішкізем, жем берем,
Болғанымда үйде мен.
Ықыласпен, зердемен,
Сайрағанын үйренем.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері