Саяқтың тағдыры – Сәли Садуақас

Бұл бетте «Саяқтың тағдыры» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Саяқты кім аяпты,
Жейтін тас пен таяқты.
Күрең саулық дүйімге,
Аты шыққан Саяқ-ты.
Айдағанға көнбейтін,
Қойға ілесіп, ермейтін.
Кешке жатын қораға,
Сүйресең де енбейтін.
Көз сүрінтер қараса,
Төлі қандай тамаша!
Барса өрісте күрең қой,
Жайылатын ауаша.
Қора маңын баспас бір,
Еді-ау нағыз нас басқыр.
Өткен түні даладан
Жеп кетіпті аш қасқыр.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері