Бұл бетте «Түзелу» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мақтап, мақтап төрттен қойып тасымды,
Шығаратын төрге дайым басымды –
Апам менің тарап тұрып шашымды
Айтты былай биыл шыққан жасымды:
– Бір тоймадың қызығына асықтың,
Үйде тентек түзге шықсаң жасықсың.
Әлі күнге түк келмейді қолыңнан,
Кіші емессің, көк өгізбен жастысың.
Ол да биыл шығады екен алтыға,
Қайран қалдым бойымыздың парқына.
Көп жұмысты тындырғанын көргенмін,
Арба, шана тіркеп алып артына.
Енді білдім; апам мені аяпты,
Соған бәлкім әр күн түсте оятты! ...
Асыр салып, алты жылдың ардақты
Асын ішіп, босатыппын аяқты.
Тамтығы жоқ мендегі көп қиялдың,
Үлкендерден сөгісті де жиі алдым.
Күлдіруден бүлдіруім көп екен,
Тұңғыш рет бетім қызып ұялдым.
Бәрі жұмыс: үлкен – кіші жұмыстың,
Дейтін апам, көрсе өнімін бір істің.
Елгезекпін енді міне ерте – кеш
Көк өгізше көп шаруаға кірістім.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі