Өкпеледі көктемге – Сәли Садуақас

Бұл бетте «Өкпеледі көктемге» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Семіз бала Ойынбай,
Денесі ауыр – шойындай.
Қолтығында шаңғысы
Ұзындығы бойындай.
Еңіс, өрді айырмай
Сырғанайтын тайынбай.
Кейде құлап жататын
Ойбай салып аюдай.
Пышылдайтын, терлейтін
Өзгеге ырық бермейтін.
Үскірікті аязды
Елең құрлы көрмейтін.
Шаршамайтын, талмайтын
Кейде құстай самғайтын,
Кеткенше жер қарайып
Ойыны бір қанбайтын.
Шаңғы да артық «стажы»
Талайдың ол ұстазы.
Тілейтұғын: қар мен мұз
Болсайшы деп қыс, жазы.
Бүгін шығып көк белге,
Қар–мұз еріп кеткенде –
Ойнатпаған шаңғыны
Өкпелеп тұр көктемге...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері