Бұл бетте «Әй, балалық!» атты Сәли Садуақас жазған бала туралы өлең берілген.
– Жетпей желкең қиылғыр,
Әй, қарақұрт!
Әттең, әттең
Жүр екен қайда барып? –
Деп тұрғанда кірген-ді сүт кенжесі,
Ұмтылды ана тістерін «қайрап алып».
– Әй, жүгірмек!
Қаңғырдың қайда барып?
– Келдім, апа, отаудан қаймақ алып! –
Деген еді кенжесі, шешесінің
Кетті ашуы малтадай майдаланып.
Кетті ананың шырайы жайнап анық,
– Ұзап кетпе ауладан, ойна барып!
Деді ұлына, ойладым: енді қандай –
Алдарсың деп анаңды әй, балалық?....
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі