Бұл бетте «Қыңырбайдың қырсығы» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бері жығыл десең ары жығылар,
Қыңыр байдың қыңыраяр жыны бар.
Ас – су сайын айналасын алады,
Бәкі – пышақ, қасық, тақсы – шынылар.
Бар меншікті орындығы, үстелі
Табу қиын ой-қиялын іштегі.
Қыңыр байдың тарқамаса қырсығы
Үйлі жанның ірің болар ішкені.
Төгіп-шашып тәтті, жидек-жемісті,
Құлағына қыстырмайды сөгісті.
Біреуі ұрысса, арашалап біреуі
Ата-анасы талай сөзге келісті.
Кір қожалақ бет-аузы, тұмсығы,
Түзу болып жатады ылғи қисығы.
Жылан жылы кірген еді мектепке.
Жоғалды әйтеу Қыңырбайдың қырсығы.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі