Бұл бетте «Қайтер едің?» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сезілетін керемет, балдай маған,
Қылығына бөпемнің қанбай қалам!
Қолдағысын сұрасам, аямайды
Дегізеді:
Таудай бол! Таудай – балам
Баурайды екен қандай тіл, қайсы әнімен –
Көңілімді, мақсатын ойша білем.
Деп ем тағы «таудай бол!»
Деді былай:
Нұсқап тұрып тауларды саусағымен.
– Ұрсасың ба?
Батаңа иланбасам,
Әурелесем, өзіңді қинай қалсам?
Қинағаным емес пе – қайтер едің,
Таудай болып есіктен симай қалсам.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі