Бұл бетте «Барады осы күн қайда?» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құшағын түнге дала ашып,
Малынды нұрға қалашық.
Сам жайып көкке күн сұлу.
Асқардан кеткен ары асып.
Сейілден қайтып ақшамғы,
Аралап қайың, ақ талды.
Немере қызын атасы,
Жетелеп келе жатқан-ды.
Қылығы тәтті, тілі майда,
Сұрады былай Гүлжайна:
– Ататай, айтшы әр түні,
Барады осы күн қайда?
– Жарығым, қарағым – Жайнашым,
Басыңнан бақыт таймасын.
Сәбиден білім бұлбұлы,
Санаңда дәйім сайрасын.
Немерем–жаным, талабы өр,
Үйреніп білім ала бер.
Домалақ қарбыз секілді,
Біз тұрған осы қара жер.
Таныдың әріп екіңде,
Мектепке берем жетіңде.
Жарымы жатыр тірліктің,
Бұл жердің арғы бетінде.
Болса да қай ұлт, қай халық,
Ынтызар күн мен айға алып.
Біз тұрған осы жер-дағы,
Соларды тұрад айналып.
Тірлікке төгіп нәр, жалын,
Шуаққа бөлеп мал-жанын.
(Батқан соң бізді) күн барып,
Нұрлантар жердің ар жағын.
Ұқсамас салт пен санасы,
Аралас ағы, қарасы.
Бұл жердің арғы бетінде,
Жасайды адам баласы.
Болса да бөлек тіліміз,
Үніміз, дәстүр, дініміз.
Олармен ортақ айымыз,
Олармен ортақ күніміз.
Тудырған ойлар өрелі,
Әйгілі ғылым–өнері.
Өзіңдей күнді сүйеді,
Ол жақтың–дағы өрені.
Жамырап шапақ ақшамда,
Бұл жақтың күні батқанда.
Ол жақтың күллі тірлігі,
Жаяды құшақ ақ таңға.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі