Қиысбай – Сәли Садуақас

Бұл бетте «Қиысбай» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әй, Қиысбай, Қиысбай,
Балаларға жұғыспай,
Жүрсің кіммен сиыспай?
Қыңыр-қисық мінезің,
Қылпылдаған қылыштай.
Өткізетін күнің жоқ,
Бір баламен ұрыспай.
Болсаң еді-ау орнықты,
Анау – момын Тыныстай.
Берсеңші бір тыныштық,
Көрінгенмен жұлыспай,
Әй, Қиысбай, Қиысбай.
Түтінің бір тік ұшпай,
Қиындықтан жылыстай...
Жазғырасың әркімді,
Істің жайын ұғыспай.
Болсаң еді-ау әдепті,
Ақылды-ақ – Ырыстай.
Мүлтігі жоқ денеңнің –
Бейне құйған құрыштай.
Арнасаңшы күшіңді,
Оқу менен жұмысқа-ай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері