Ана тілім
Бұл бетте «Ана тілім» атты Шаяхмет Қалиұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ана тілім – бақытым,
Асылым һәм жақұтым.
Ел болған да еншіме,
Сақтан қалған сарқытым.
Ана тілім – қорғаным,
Жанашырым, қормалым.
Ар-ұятым, намысым,
Ана тілім – зор бағым.
Ойымда ылғи тұратын,
Құдіретім, қуатым.
Ана тілім – мұратым,
Шөліркесем, суатым.
Елдігімнің тірегі,
Жан ұлтымның жүрегі.
Сені мәңгі ұлықтау,
Халқымыздың тілегі!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі