Айт
Бұл бетте «Айт» атты Шаяхмет Қалиұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаманды жасырмай айт,
Жақсыны асырмай айт.
Ханға да сөз ұқтырып,
Құтыңды қашырмай айт!
Нені айтсаң да, анық айт,
Ақ-қараны танып айт.
Кешегі өткен даналар,
Жосынына салып айт!
Жауыңа ақырып айт,
Досыңды шақырып айт.
Түлейді түртсе, білмес,
Жанына батырып айт!
Балаға ақырын айт,
Бабаның нақылын айт.
Мәні жоқ бос сөйлемей,
Көсемнің ақылын айт!
Не айтсаң да, біліп айт,
Қыран құстай бүріп айт.
Сұмпайының су жұқпас,
Екі езуін тіліп айт!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі