Ғылым, білім сенгенім
Бұл бетте «Ғылым, білім сенгенім» атты Шаяхмет Қалиұлы жазған білім туралы өлең берілген.
Ғылым, білім сенгенім,
Сертім берік ергенім.
Өлең – өнер бергенім,
Өнер өлсе, семгенім.
Қайрат, күшім, жігерім,
Ар-ожданым білерім.
Ұят, намыс, өр рух,
Өзек алған тірегім.
Тілім – мөлдір бұлағым,
Ділім таза құрағым.
Ақтық демім біткенше,
Ақыл – сөнбес шырағым.
Халқым – құтым, қуатым,
Шөліркесем, суатым.
Жеткізетін жеңіске,
Арман – ұлы мұратым.
Отан ұлы – Ай, Күнім,
Көкбайрағым айбыным.
Елтаңбасы ертүрік, —
Бостандығым айдыным!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі