Намыс
Бұл бетте «Намыс» атты Шаяхмет Қалиұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жеріңді қорғамасаң намыс,
Еріңді қолдамасаң намыс.
Жан алып, жан беріскен жағалас та,
Жауыңды қорғаласаң намыс!
Отанды сүймегенің намыс,
Отанға күймегенің намыс.
Азғындап ақылыңнан ақымағым, —
Рухыңнан күйрегенің намыс!
Тіліңді білмегенің намыс,
Дініңмен жүрмегенің намыс.
Ұлықтар ұлы болсаң, ұлтыңды,
Көзіңе ілмегенің намыс!
Еліңе ермегенің намыс,
Пейіліңді бермегенің намыс.
Торғайдай тоз-тоз болып ұясы жоқ,
Отанға келмегенің намыс!!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі