Ақын болсаң
Бұл бетте «Ақын болсаң» атты Шаяхмет Қалиұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.
Ақын болсаң, арлы бол, ұятты бол,
Жеңе білер нәпсіңді қуатты бол!
Ақын болсаң саналы, сауатты бол,
Әр сөзіңе айтылған жауапты бол!
Ақын болсаң иманды, ибалы бол,
Діннен, тілден, ғылымнан жиғаны мол.
Ақын болсаң айбынды, айбатты бол,
Халықшыл қара нардай қайратты бол!
Ақын болсаң, батыр бол тік қараған,
Шындықтың тіліменен от жалаған.
Ақын болсаң ойлы бол сөз бастаған,
Таңырқап, тәнті болсын көз, қаптаған.
Ақын болсаң мақсатты, мұратты бол,
Майданың да күресер тұрақты бол!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі