Нәпсі
Бұл бетте «Нәпсі» атты Шаяхмет Қалиұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бірде ананы мақтайсың,
Бірде тұрып даттайсың,
Бал тамызып тіліңнен,
Ішіңе у сақтайсың.
Бірде күліп алдайсың,
Бірде жылап қарғайсың,
Алжастырып адамды,
Абжыландай арбайсың.
Бірде сайрап шындықты,
Бірде сайлап сұмдықты,
Қу түлкідей құбылып,
Қайдан таптың қулықты?
Бірде анаумен шабысып,
Бірде тату табысып,
Күнің өтіп келеді-ау,
Ғұмыр бойы алысып.
Екі көзің алақтап,
Екі езуің жалақтап,
Жер түбінен жетесің,
Жемтік көрсең далақтап.
Көре қалсаң қарасын,
Салып ұрып барасың,
Диуды да дұғалап,
Нәпәқаңды аласың.
Сайқалды да алдайсың,
Сайтанды да арбайсың,
Құнықтырған қу нәпсі,
Бүйтеберсең түбінде,
Оңбайсың-ау, оңбайсың !
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі