Арман жоқ
Бұл бетте «Арман жоқ» атты Шаяхмет Қалиұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Берерім беріп халыққа,
Таңбамды басып тарихқа,
Жем болып кетсем арман жоқ,
Теңізге батып балыққа.
Есемді қосып еліме,
Еңбегім сіңіп жеріме,
Кіріпте кетсем арман жоқ,
Қараңғы қапас көріме.
Айтарымды айтып қазаққа,
Айналып ірі ғажапқа,
Түсіп те кетсем арман жоқ,
Ақірет күні тозаққа.
Майданда берік нық тұрып,
Найынсаптарды ықтырып,
Адалдығымды арман жоқ,
Жұртыма кетсем ұқтырып.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі