Жазым барда
Бұл бетте «Жазым барда» атты Алтыншаш Жақиянова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жазып-жазып кетейін жазым барда,
Аққу-қазды әсем бір сазым барда.
Уақыт барда орнымыз қазылғанға,
(Тіршілікте қаза бар, жазым барда).
Айтып-айтып кетейін ауыз барда,
Піскен мақта сыймайды қауыздарға.
Аяқ асты боп жырым қалмаса екен,
Сөз қадірін түсінбес жауыз барда.
Сөйлеп-сөйлеп кетейін сөзім барда,
Жақсылықты көрейін көзім барда.
Шыдам барда, денсаулық, төзім барда,
Бойымда күш пен қуат кезім барда.
Жазып-жазып кетейін өзім барда.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі