Көкжиекке барады күн асығып

Бұл бетте «Көкжиекке барады күн асығып» атты Алтыншаш Жақиянова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бозқараған гүлдесе жапырағы,
Иісі жарып мұрынды шақырады.
Бұтағында бір тынбай менің жаным,
Бозторғайдай шырылдап отыр әні.

Нан жабатын апамның тандыр пеші,
Еске түсер аулымның салқын кеші.
Көкжиекке барады күн асығып,
Секілденіп Жібектің алтын көші.

Көктем туса, көк жарып бүрлей-тұғын,
Өрік талдар қайда екен гүлдей-тұғын,
Жанды өртеген сартабы сағыныштың,
Бар ма кезі жүректі тілмей-тұғын?

Майданталдың жапқанда шалғайын көк,
Гүл теруші ем анама арнайын деп.
Десім қайтып, бармадым туған жерге,
Жүрегімді жаралап алмайын деп…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері