Еліме керек өлеңім

Бұл бетте «Еліме керек өлеңім» атты Алтыншаш Жақиянова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір күндік өлең жазбауым керек,
Өзіммен бірге өлетін.
Жалын боп жанып маздауым керек,
Өмір жоқ қайта келетін.

Жазбайын деймін көңілсіз өлең,
Көңілсіз күнім аз ба еді?
Өзіме көңіл бөлусіз келем,
Күз келді, жазым аз тегі.

Өлеңім керек халқыма менің,
Мәңгілік өмір сүретін.
Қалдырам жырдың артыма кенін,
Жатқа айтып елім жүретін.

Әуенім қалсын әуелеп артта,
Шырқатып көкті айтатын.
Аттанып мәңгі келмейтін жаққа,
Мезгіл де келер қайтатын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері