Өлеңім

Бұл бетте «Өлеңім» атты Алтыншаш Жақиянова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өлеңім, мені қайда жетеледің,
Елу жыл еншіңе алып жекеледің.
Атқаратын міндетім аз ба өмірде,
Жүгіңді енді қанша көтеремін?!

Меншіктеп келдің мені, иемденіп,
Жығыламын ығыңа кілең көніп.
Сырымды саған айттым, жанға айтпаған,
Сен болдың сенгенім де, сүйенгенім.

Сен мені көгендедің жарты ғасыр,
Екеуміз сөз маржанын тердік асыл.
Сен – елу, мен – алпысқа келіп тұрмын,
Сен маған не сыйлайсың көңіл тасыр?!

Біраз ел екеумізді танып қалды,
Сен арқылы еңбегім анықталды.
Тірлігімде баладай мәпелейін,
Артымда жыр қалсын деп толыққанды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері