Бесік жыры
Бұл бетте «Бесік жыры» атты Алтыншаш Жақиянова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ашылып өмірдің есігі,
Сәбидің қойылды есімі.
Бөбегім, мінеки, өзіңді,
Күтіп тұр атаңның бесігі.
Әлди де бөбегім, әлдиім,
Уілдеп сәбидің сал күйін.
Өзіңді тербетіп отырып,
Жаныңда мен біраз қалғиын.
Әлди де бөбегім, әлдиім,
Сезінші әжеңнің жан-күйін.
Жасыңнан санаңа сіңіріп,
Ұғып өс еліңнің ән-күйін.
Бұл бесік талайды тербеткен,
Бесікте әкең де ержеткен.
Ұрпағым алаңсыз өссін деп,
Хас шебер қашаған еңбекпен.
Талбесік – көненің көзі бұл,
Толғасақ тарихтың өзі – жыр.
Әлдиде әжеңнің әні мен,
Бабаңның ұлағат сөзі жүр.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі