Текеметтің үстінде
Бұл бетте «Текеметтің үстінде» атты Алтыншаш Жақиянова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кереметі болар әрбір істің де,
Өзіңізді еске аламыз біз күнде.
Бақар-шақар өсіп, апа, жатырмыз,
Өзің басқан текеметтің үстінде.
Төрт немерем ойнап жатыр алысып,
Бірін-бірі қуалайды жарысып.
Омақаса құласа да қыңқ етпей,
Қайта тұрар бір-біріне жабысып.
«Апаң көріп еске алады анасын,
Енді жоқ ол, жасамайды жаңасын.
алыспаңдар», — деп қоямын әредік,
зілсіз ғана өзіңе ұқсап, анашым.
«Тәуба!» деймін, былғаса да, шашса да,
Бүлінбейтін, тозбайтұғын тас қана.
«Енеміздің шешесінен қалған» деп,
Келіндерім қарап қояр жасқана.
Апа, өзіңнен қалған бұйым – текемет,
Сыз жібермес жерден.
Жылы, не керек!
Өсіп еді үш балам да үстінде,
Осылардай бірін-бірі жетелеп.
Пана болып жылы, жұмсақ төсеніш,
Апа, әлі жетілеміз, өсеміз.
Ию-қию базар қылып үй ішін,
Шілдехана және өткіздік кеше біз.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі