Аппағым
Бұл бетте «Аппағым» атты Алтыншаш Жақиянова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құшақтайын, келші бері, «ақ бала»,
Өзіңді айтып жыр қыламыз
мақтана.
«Қара, қара»,- дейді осы жұрт сені,
Жүрсін дейді-ау тіл мен көзден
сақтана.
Біздер үшін сен әйтеуір аппақсың,
Көзіңе айтып жатқаным жоқ
мақтап шын.
Айта берсін, мейлі,
«қара бала» деп,
Ақ ботам-ау, кімнің аузын
жаппақсың?!
Менің титтей немеремсің, аппағым,
Жуылмапты-ау бетіңдегі сатпағың.
Кіп-кішкентай домбыраңды
қолыңа ап,
Таусылмасын бізге айтатын
тақпағың.
Аппағым!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі