"Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған"

Бұл бетте «"Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған"» атты Aishagul Meshtay жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған,
Өлең басым түсетін қайратыңнан.
Тербеліс пен толғаныс астасқанда,
Сезім жеңіп шығатын майданыңнан.

Бүгінде сол ақындар ел есінде,
Билік атты қарусыз жауға ұмтылған.
Олар шыңға жетуді арман етті,
Бірақ, тағдыр белгілі, жарда тұрған.

Ақындардың бірегей, бөлегі еді,
Рух сыйлаған, жігерлі әр өлеңі!
Мағжан ақын Алашты жырлап өтті,
Жанын берді, бұл жолда еңбек ері.

Әбілмағжан есімі туылғанда,
Алғаш білім медресесі Бегишевтің.
Омар Һайям, Науаи дастандары,
Үлкен ықпал Мағжанға келешектің.

Ақындығы әкеден дарығандай,
Ал қайырым ананың жүрегінен.
Өлеңдері жан мен тән дауасындай,
Күйзеліс пен көңілдің кірбеңінен.

Сыршыл ақын, аударма-ағартушы,
Жұлдызы жарқын болған әдебиеттің!
Баспадан жаңа шыққан Абайды оқып,
Жай емес, өзі Хакім Абай депсің.

Уфа білім ойшылдар ордасындай,
Жалғап ілім, дініңді өрбітіпсің.
Татар халқы жазушы, қайраткермен,
Бастап мұнда Майлинмен таныстығын.

Партиясында Алаштың мүшесі боп,
Әділдікті жалынды ту етіпсің.
Алайда үш жүздердің партиясы,
Көрсетті, 1 ай бойғы абақтысын.

Ұйым құру мақсат пен арман еді,
"Алқа" деген атауды таңдап еді.
Түбегейлі өмірін өзгерткен де,
Бұл қалауы аяқсыз қалған енді.

Тәжібаев жаламен қаматқанын,
Өлеңіңнен мін іздеп қаратқанын.
Сені ақтай алмаудың өзі күнә,
Жұлдызысың сен сөнген қазақтардың.

Миллион жұрт аштықтан қырылғанда,
Билік оны жасырып, тығылғанда,
Сенің отты жалынды өрбіткенің,
Жұдырықтай болып ең, жығылғанға!

Махаббат бар жалын мен сенім берген,
Шын махаббат сезімге негізделген!
Көп адамның бақытты болмауы да,
Ғашықтықты жалғанда сезінбеуден!

Зылихасы өмірлік адал жары,
Адалдықтан басталған бар дауасы.
Жала жауып, азаппен арбалғанда,
Бұл махаббат, қолдауы, тастамауы.

Арашалап алыпты өлімдерден,
Сақтап мұра, сенімі үзілмеуден.
Бұл дүние көрсеткен сұм қиянат,
Бірге кезде қиын боп көрінбеген.

20 ғасырдың басындағы,
Әдебиеттің көгінде жарқырауы,
Таныстырған ұлтымен жақынырақ,
Шолпан атты алғашқы жыр жинағы.

Граждан деп ат қойып нәрестеге,
Соғыс болып жатқан кез әлі ескере.
9 айлық үмітің сөнген екен,
Жалғыз тастап кеткендей сол белеске..

Жасауратқан жаныңды тұншықтырған,
Сылдыр сәби күлкісі әлі есте ме?!
Сол зарлы үн сол сәтте жыр боп тұнған,
"Сәбидің құлпытасы" атты өлеңде!

Абылай деп ең алғаш сөз бастады,
Балауға болмас дер ем енді текке.
Қазақ кеше келген жоқ бұл өмірге,
Бай болған, тарих толы ата-текке!

Батырлар бас қосатын, айқасатын,
Зобалаң жылдар болды ертеректе.
Көсем, басшы жоспарын ойласатын,
Бір ортада бас қосу бұл береке!

Баянды батыр еткен, қайсар еткен,
Намысы бойындағы әр кезде де.
Ашу кернеп бауырын өлтіруі,
Одан соң қадам басты өзі өлімге.

Сүйген қызы өзгені таңдады деп,
Қашқаны кеп, жеткені хабар түзге,
Сұр мергенге, жау жеңіп даңқты болған,
Бұл жайттан соң лайық па батыр деуге?!

Сайраған жұрт, күтулі ордалы елге,
Қайнаған кек дұшпанға берілмеуде.
Батыр Баян осылай жырланады,
Мағжанды алып келген жетістікке.

Поэзияға дарынды болмысымен,
Үлкен ебі еседі жаңалықтың.
Тақырыпты түркілік көтеруі,
Алғашқы боп, белгісі батырлықтың.

Келешекті ойлаған әр кезде де,
Сол үшін де үзбеген байланысын.
Келешегін түріктің ойлағанмен,
Төрде қазақ деп айтып, толғаныпсың!

Даңқты батыр Бауыржан көрген кезде,
Үміт оты жанғандай болған еді.
Нақты ешкім білмейді өлім сәтін,
Мүмкін сенің рухың толған жерді.

Оралмасам, қасқыр жем бөлтірікке,
Соңғы сөзі Мағжанның әйеліне.
Өлім жеңіп, қайтпапты сол қалыптан,
Айтқанына бұл жағдай дәлелі де.

Ақында адамзаттан дос болмайды,
Жалғыз-ақ сырын сөйлер қаламына.
Жұмабаев жолдаған осы сөздер,
Көп дүние ұқтырар саналыға!

Өзі айтқандай арыстанға ұмтылған,
Жау тылында қалған нағыз ер еді!
Ұрандатып, қуат беру емес пе?!
Қайтпай қамал бұзған кемеңгер деуі!

Жала жауып, өзіңді атқызыпты,
Жатқызыпты, қараңғы қапастарға.
Бірақ мына сенімің жібермепті,
Бұған сынып қалуға тамұқта да!

Заман сені кінәлі соғыстырған,
Тоғыстырған, залалды басшылықпен.
Сен туылған сәтіңде ел үшін деп,
Жаратылған жан едің жақсылықпен!

Сенсіз өткен 44 жылдың бәрі,
Жансыз, мәнсіз айнала толған әлі.
Жанға батып, жүректі ауыртады,
Жаңа Мағжан ортада табылмауы.

Азап көрдің, арбалған адамдардан,
Қалап көрдің, болашақ қазақтардан.
Үкім жазып тағдырды өзің шештің,
Бұның бәрі ұлтыңды ғажаптаудан!

Бүгінде сендей ешкім сене алмайды,
Бола алмайды, қазақтың ұл мен қызы.
Қазақты Алаш деумен, алға деумен,
Маңдайға сыймай кеткен бір жұлдызы!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар